Әскери даярлықты қайта қарау заман талабы

Жауынгерлік дайындық бағдарламалары қайта өңделді. 

Әскери даярлықты қайта қарау заман талабы Фото: kazgazeta.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары  генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты. 

"Жауынгерлік дайындық әскерлерді даярлаудың негізгі түрі болып табылады. Қазір әскерлерді даярлауды қайта қарау қажеттілігін талап етеді. Бүгінгі таңда әскерлерді даярлауға әсер ететін басты шарт - қарсылас тараптардың іс-қимылдарының гибридтігі, жағдайдың күрт өзгеруі, әскерлерді басқаруды орталықсыздандыру қажеттілігі", - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары.

Қазіргі жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру кезінде жаңа тәсілдер кешені қабылдануда. Жауынгерлер мен командирлерге қажетті барлық дағдылар оқу-жаттығу жұмыстары, сабақтар, жаттығулар барысында пысықталады.

"Жауынгерлік даярлық бағдарламалары қайта өңделді, жарты жылдық циклмен оқытудың жаңа бірізділігіне көшу жүзеге асырылды", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу