Шетелдік қонақтар "Зенит" зауыты, "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты және Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы кәсіпорындарында шығарылатын өнімдермен танысты, деп жазады inbusiness.kz.
Сапар аясында әскери дипломаттарды Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің өкілдері алып жүрді.
Делегацияға Батыс Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайы көрсетіліп, облыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу