Әскери институттар мен госпитальдегі жұмыс барысы тексерілді

244

Бөлімшелерді аралау барысында ол емделіп жатқан әскери қызметшілердің денсаулығы мен медициналық көмек көрсету сапасына мән берді. 

Әскери институттар мен госпитальдегі жұмыс барысы тексерілді   Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков аталған өңірде болашақ офицерлерді даярлау барысымен танысып, әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету қалай ұйымдастырылатынын көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында министрдің орынбасары жоғары оқу орны басшылығының оқу-тәрбие қызметінің ағымдағы көрсеткіштері, курсанттарды даярлау нәтижелері және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективалары туралы баяндамасын тыңдады. Білім ордасының оқу-материалдық базасымен және инфрақұрылымдық объектілерімен танысқанда ол мамандандырылған аудиторияларды және бейіндік пәндер бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге арналған виртуалды жаттықтыру кешенін қарап шықты.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына барғанда генерал-майор Асқар Мұстабеков Қарулы күштер құрамаларына басшылық құрам кадрларын даярлауға жіті назар аударды. Әскери оқу орнында өткен кеңес аясында кадрлық әлеуетті нығайту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері қаралды. Дәрежелі оқытушылардың үлесін арттыру және мемлекеттік тілде бейіндік әдебиеттерді басып шығару қажеттілігі де назардан тыс қалмады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінде генерал-майор Асқар Мұстабеков емдеу процесінің қалай ұйымдастырылатынын, пациенттерді кешенді тексеруге және дәл диагностикалауға арналған заманауи емдеу және диагностикалық аппараттарды көрді.

Жұмыс сапарының соңында Қорғаныс министрінің орынбасары білім беру, тәрбие қызметін одан әрі жетілдіру, сонымен қоса ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін медициналық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу