Еліміздің жоғары оқу орындарында әскери кафедралардың комиссиялары студенттерді іріктеуге кірісті. Тестілеу қазанның 12-нен 21-не дейінгі аралықта біріктірілген форматта – онлайн және офлайн режимінде өтеді, деп хабарлады Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі.
Іріктеу "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу қашықтықтан өткізіледі. Содан кейін бетпе-бет кезең басталады.
Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында тест қабылдайтын сыныптар жабдықталған. Бұл университетте бір орынға үш адамнан байқау жарияланған. 300 орынға мың өтініш берілді.