Әскери қоймалар Арыстағы оқ-дәріні қабылдауға дайын болмай шыққан

607

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы әскери қоймаларды тазарту жұмысы неге тоқтағанын түсіндірді.

Әскери қоймалар Арыстағы оқ-дәріні қабылдауға дайын болмай шыққан

Арыс апатынан кейін қоймаларда қалған 28 мың тонна оқ-дәріні шығару жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылып отыр. О баста 817 вагон болатын аса қауіпті жүкті өзге қоймаларға тарату жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында аяқталады деген ресми мәлімет айтылған болатын. Нұрлан Ермекбаев ол уәде әлі орындалмағанын мойындады.

"Арыста біз негізгі бөлім оқ-дәрілерді алып кеттік. Бірақ осы жұмыс барысында басқа қоймалардың жағдайын зерттедік. Басқа қойламардың жағдайы жеткілікті болмағандықтан, біз бұл жұмысты уақытша тоқтаттық. Бірақ ең қуатты, ең қауіпті оқ-дәрілерді алып кеткенбіз және басқа қоймаларға таратып жібердік. Қазір Арыс қаласындағы қоймаларда тек инженерлік оқ-дәрілер қалды. Олардың мөлшері көп емес, бұлар үлкен қауіп төндірмейді. Сондықтан біз бұл жұмысты басқа қоймалар дайындалғаннан кейін және қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етілгеннен кейін ғана жалғастырамыз. Бәрін алдын ала білу, өкінішке қарай, өте қиын. Біз ондай жоспар жасаған кезде басқа қоймалардың техникалық мүмкіндігін есепке алдық. Дәл қазір Арыста қанша көлемде оқ-дәрі жатқаны құпияға жатады", - деді министр.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу