"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

972

Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрады. 

"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді Фото: КазТАГ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттіктің мәліметінше, "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е.Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Бүгінде айыпталушылар ісі сотқа берілген.

"11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар. Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге.

Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу