"Әскери құрылыс" АҚ басшысы мен туған ағасы 8 жылға сотталды

341

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті.

"Әскери құрылыс" АҚ басшысы мен туған ағасы 8 жылға сотталды Фото: gov.kz

"Әскери құрылыс" АҚ президенті Е.Тәжиденов пен оның туған ағасы 8 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Әскери құрылыс" АҚ-ның бұрынғы президенті Е.Тәжиденовтың және басқа да адамдардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды.

Сот үкімімен Е.Тәжиденов, оның туған ағасы және бағыныштылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, сотталғандар өздерінің бақылауындағы "Әскери құрылыс Астана" ЖШС-ның қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты болған.

"Сотталғандар ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасады және қатысты деп айыпталды. Топ аффилирленген компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру үшін құрылған. Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Арман Тілеукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу