"Әскери құрылыс Астана" қызметкерлеріне төленбеген жалақы қарызы 270 млн теңгеге жеткен

271

Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті.

"Әскери құрылыс Астана" қызметкерлеріне төленбеген жалақы қарызы 270 млн теңгеге жеткен Фото: inbusiness.kz

Жұмыс берушінің кінәсінен 2021 жылдан бері "Әскери құрылыс Астана" ЖШС 3839 қызметкеріне 270 млн теңгеден астам жалақы берешегі төленбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұзақ уақыт бойы жұмысшылар өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін меморгандардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр болды, бірақ мәселе шешімін таппады.

Оны шешуге атсалысқан Бас әскери прокуратура 4 уәкілетті органның (Қорғаныс және әділет министрлігі, еңбек инспекциясы, қазынашылық) өкілдерінен жұмыс тобын құрды.

Прокурорлық қадағалау актілері жасалып, қарызды өтеуге қаражат көзі анықталды.

Мысалы, басқа жеткізушілермен жасалған келісімшарттар бойынша "Әскері құрылыс Астана" ЖШС 300 миллион теңгеден астам сомасын тәркілеуге мүмкіндік туды.

Бұл оларды сақтауға және бірінші кезектегі борышкерлер алдындағы қарызды өтеуге қайта бағыттауға мүмкіндік берді.

Осылайша 3839 қызметкерге 272 млн теңге көлемінде жалақы берешегі төленді.

Сондай-ақ, қабылданған шаралармен жоғарыда аталған ЖШС бұрынғы қызметкерлеріне жұмысынан айырылуына байланысты 131 млн теңге көлемінде өтемақы берілді.

Бүгінгі таңда Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарда жалақы бойынша берешек жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу