Әскери күш деңгейі бойынша Қазақстан 63-орында

3139

АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония бұл тізімде көш бастап тұр.

Әскери күш деңгейі бойынша Қазақстан 63-орында

Жыл басынан бері мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру салаларына 45,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылды. Finprom.kz басылымының дерегінше, бұл көрсеткіш былтырғыдан 2,4 есе көп. 

Бұл қаражаттың шамамен жартысы Түркістан облысына бөлінген – 22,4 млрд теңге. 8,8%-ы Нұр-Сұлтан қаласына, 3,6 млрд теңге көлеміндегі қаржы Қостанай облысына шығындалды. Еліміздегі 17 өңірдің 7-еуінде осы салаларға құйылатын инвестиция көлемі азайған: Ақмола облысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Қызылорда облысы. 

Global Firepower деректер базасы жариялаған құжатқа сәйкес, Қазақстан әскери күш деңгейін салыстыру мақсатында құрылған әлем елдерінің рейтингісінде 138-ден 63-орынға ие болды. Еліміздің индексі – 0,9098. АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония бұл тізімде көш бастап тұр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу