Әскери қызмет өткермегендер әскери билет алу қажеттілігінен босатылады

458

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Әскери қызмет өткермегендер әскери билет алу қажеттілігінен босатылады Фото: NUR.KZ/Виктор Николаев

Бүгінгі таңда әскери билет бюджет қаражаты есебінен дайындалады, деп жазады inbusiness.kz.

"Әскери қызмет өткермегендерге бүгінде осы әскери билеттерді алуға тура келеді. Егер оны жоғалтып алса, айыппұл төлеуге міндеттеледі. Біз осыны алып тастамақпыз. Оның жеке кабинетінде әскери міндетті деген мәртебе болады, яғни цифрландырудың арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік", - деді ол.

Бұл бастама техникалық тұрғыдан іске асырылған, оны заңнамаға сәйкестендіру жүріп жатыр.

Бұдан бөлек ол электронды үкімет порталындағы жеке кабинет тәрізді "Әскери қызметшінің кабинеті" модулі әзірленгенін тілге тиек етті. 

"Мұнда әртүрлі анықтамаларды алуға болады. Алдыңғы жылдары әскерилер өздеріне керек анықтамаларды алу үшін кадр бөліміне немесе қаржы бөліміне жүгінсе, енді санаулы минутта өздеріне керек анықтамаларды осы порталдан ала алады", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу