Әскери қызметкер 15-қабаттан секірмек болған жасөспірімді аман алып қалды

602

83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов тұрғын үйдің 15 қабатынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскери қызметкер 15-қабаттан секірмек болған жасөспірімді аман алып қалды Фото: Қорғаныс министрлігі

Тамыздың жиырмасында ол Астана қаласының оңтүстік-шығыс шағын ауданында туыстарына келген еді.

"Күтпеген жерден жиені көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп мен кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым", – деді Ерік Ысқақов.

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақовтың өзі төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.

Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды. Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанғанын жасырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу