Әскери қызметкерді кім атқаны анықталды

1018

Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапаның айтуынша, күдікті қайтыс болған азаматпен бір әскери бөлімде қызмет еткен. 

Әскери қызметкерді кім атқаны анықталды

Талдықорғанда 36 жастағы әскери қызметкерді басынан атқан күдікті ұсталды. Ұсталған күдікті де әскери қызметкер, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапаның айтуынша, күдікті қайтыс болған азаматпен бір әскери бөлімде қызмет еткен. Сондай-ақ Қаратал өзеніне лақтырып жіберген 16-калибрлі аңшы шолақ мылтығы табылып, іске айғақ зат ретінде тіркелген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде екен айтты.

Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын Талдықорғандағы Қаратал шағынауданында әскери қызметкердің денесі табылды. Оқиға орына келген жедел тергеу тобы азаматтың басына атылған оқтан қаза болғанын растады.

Полицейлер ҚР ҚК 99-бабы "кісі өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел топ жылдам әрекет етуге кірісті. Бұл іс облыстық полиция департаменті басшыларының қадағалауында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу