Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өткен. Онда оқу жылының қорытындысы шығарылған.
Отырыста еліміздегі әскери қызметкерлер мен аталған салада жұмыс істейтін мамандардың 94%-дан астамы COVID-19-ға қарсы екпе алғаны белгілі болды.
"Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру шеңберінде Қарулы күштердің жеке құрамы вакцинациялауға белсенді қатысты. Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың 94%-дан астамы екпе алды. Тек медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерге
екпе салынған жоқ", –деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 млн 131 мың 519 адам салдырды.