Әскери қызметші Айғаным Елшібаеваның шағымы бойынша тергеу басталды

867

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметші Айғаным Елшібаеваның шағымы бойынша тергеу басталды

Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші А.Б. Елшібаеваның шағымындағы деректерді зерттеу бойынша құрылған комиссия өз жұмысын бастағандығын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінінің ресми хабарламасына сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желіде келісімшарт бойынша қызметші А.Б. Елшібаеваны Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарғаны жайлы посттың жариялануы және батальон командирі тарапынан оған оғаш қылық көрсету фактісі бойынша келесіні хабарлаймыз:
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімде тексеріске кірісіп кетті. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады", – деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

Тексеру барысы Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынған. Осы мәселе төңірегінде туындаған барлық сұрақтар бойынша тікелей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: +77172721559, +77172721869.

Айта кетейік, бұрынғы әскери қызметші Айғаным Елшібаева "Не молчи KZ" қоғамдық қорына жұмыста көрген қорлығы мен оған батальон командирі оғаш қылық көрсеткені туралы айтып берген.

А. Елшібаева 2019 жылдың 13 желтоқсанынан Шеңгелді кентінің Қапшағай әскери бөлімінде қызмет еткен. Бастапқы келісімшарттың мерзімі үш жыл болғанына қарамастан, ол мерзімінен бұрын босатылған. Ол 2022 жылғы 3 мамырда аттестаттаудан өтпеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу