Әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсамақ болды

1839

Жағдай Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонының N12740 әскери бөлімінде орын алған.

Әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонының N12740 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін таралған ақпарат бойынша, қатардағы жауынгер А.Мезенцевке қатысты жағдай өткен жұма күні орын алған.
Баспасөз қызметінен оның жағдайы бірқалыпты екенін, толыққанды медициналық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
"Жағдайды анықтау барысында, қол жұмсау әскери қызметімен байланысты емес екені анықталды", - делінген хабарламада.  
Қазір құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу