Әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтеді

2250

Аталмыш спорт түрі еркін күрес, тай боксы, самбо, жауынгерлік самбо, таеквондо және жауынгерлік өнердің көптеген өзге де түрлерін қамтыған.

 Әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтеді

Спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен ҚР Қарулы Күштерінің Спартакиадасы шеңберінде биылғы жылғы ақпанның басында Алматы қаласындағы спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығының базасында әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтеді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс қорытындысы бойынша түрлердің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындары мен әлеуетті құрылымдардың намысын қорғайтын 20-дан аса команданың 150 әскери қызметшісі арасында мықты армиялық спортшылар анықталады.

"Армиялық қоян-қолтық ұрыс жастар арасында танымалдыққа ие болуда. Аталмыш спорт түрі еркін күрес, тай боксы, самбо, жауынгерлік самбо, таеквондо және жауынгерлік өнердің көптеген өзге де түрлерін қамтыған. Бұл спорттың әскери-қолданбалы түрлері арасында жекпе-жектің көзтартарлық түрлерінің бірі саналады",  – деді армиялық қоян-қолтық ұрыстан АОСК штаттық командасының бастығы майор Мұрат Бижанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу