Әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды

744

Қазақстанның Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 наурызында қол қойған болатын.  

Әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды

Барлық гарнизондарда әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарған сарбаздарға командирлері алғыс айтып, үйлеріне салтанатты түрде шығарып салып жатыр.

Көптеген әскери экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандықтарын меңгерген.

Запасқа шығарылғаннан кейін сарбаздар әскери-оқытылған резерв ретінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында есепке қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу