Әскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотека беріледі

774

Үкімет әскерилерге тұрғын үй төлемін беру тәртібін қайта қарамақ.    

Әскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотека беріледі Фото: wfin.kz

Отбасы банкі əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенат депутаттары үкімет басшысынан келісімшарт бойынша әскери қызметке келгендерге баспана алу үшін алғашқы жарнаның сомасын төмендету және тұрғын үйді жалдауға бөлінетін қаражатты республика бойынша бірыңғайландыруды сұраған еді.

"Отбасы банк" АҚ əскери қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға бастапқы жарнасының сомасын төмендету мақсатында əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеуді жүзеге асыруда", – деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Президент әкімшілігінің тапсырмасымен Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарайтынын да хабарлады.

Еске салайық, қазіргі таңда әскери қызметшілер "Әскери баспана" тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана ала алады.

Бұл жеңілдетілген несие бағдарламасының екі бағыты бар:

"8/15":

  • бастапқы жарна –15%;
  • пайыздық мөлшерлеме – 8%;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін.

"6/50":

  • бастапқы жарна – 50%;
  • пайыздық мөлшерлеме – 6%;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу