Әскери қызметшілерге мемлекеттік марапаттар тапсырылды

1671

Еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиын өтті. 

Әскери қызметшілерге мемлекеттік марапаттар тапсырылды

28 жыл бұрын Қазақстан егеменді даму жолын бастады. Осы жылдар ішінде елде елеулі мемлекеттік өзгерістер болды. Елдің қарқынды дамуының маңызды факторы Қарулы Күштер болды. Бүгінде олар еліміздің егемендігі мен мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауда. Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің Жарлығымен 42 әскери қызметші әскери борышын үлгілі атқарғаны, батылдығы мен қайсарлығы үшін мемлекеттік наградалар мен грамоталар табыс етілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Осындай сандағы әскери қызметшілер  алғаш рет марапатталды.

Марапатқа сондай-ақ Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқандарда ұсынылды. Бір күнде тоқтатылмаған жұмыстар барысында әскери қызметшілер жоғары кәсібилік танытты, іс жүзінде тәуекелмен ұштасқан әскери жағдайларда жұмыс істеді. Марапатталғандардың ішінде қаза болған майор Аманжол Ақышев бар. Сонымен қатар, Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында салтанатты іс-шаралар өтіп, үздік әскери қызметшілер марапатталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу