Әскери қызметшілерге зейнетақыны қайта есептеу ұсынылды

848

Мұндай бастаманы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамтамасыздандыру орталығы көтерді.  

Әскери қызметшілерге зейнетақыны қайта есептеу ұсынылды

1998 жылдан кейін қызметке шақырылған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған әскери қызметшілерге зейнетақыны қайта есептеу ұсынылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бұл туралы әскери қызметшілер  мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң жобасын талқылау кезінде айтылды. Жиынға қатысушылар, екіншіден 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстан босатылған әскери қызметшілерге зейнетақы жасына жетуі бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды қарастырды. Сондай-ақ,  тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының қалғанын пайдалану жайы көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу