Әскери қызметшінің отбасында үшем дүниеге келді

377

Қарулы күштердің Райымбек батыр атындағы Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасы ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбековтың отбасында ерекше қуаныш.  

Әскери қызметшінің отбасында үшем дүниеге келді Фото: gov.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында ол Алматы қаласының перинаталдық орталығынан жұбайы және үшемін: екі ұл мен бір қызын шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Сейітжан мен Минира Асылбековтардың отбасында он бір жасар қызы Диана өсіп келеді. Ұзақ уақыт бойы ата-аналар екінші баланың болуын армандаған. Енді күтпеген жерден Минара үшем дүниеге әкелді. Жұбайлар ұлдарға – Сұңқар және Заңғар, ал қызына – Сырғалым деп ат беріпті. 

"Әйелім үшемге жүкті екенін білгенде қатты таң қалдым. Менің де, оның да тұқымдарында егіздер бар, бірақ ешкімде үшемдер жоқ екен. Мен бақыттымын. Ішімнен ұл болса екен деп тіледім. Ойымдағым қабыл болып, бірден екі ұл, бір қыз өмірге келді. Енді осындай отбасымның алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын да сеземін", – деп қуанышымен бөлісті 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбеков.

Үшемнің дүниеге келуі отбасының өмірін түбегейлі өзгерткендей. Енді Асылбековтар жатақханадағы бөлмеден кең пәтерге көшеді, ал сәбилерді қарауға әжелері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі көмектеседі.

Көпбалалы отбасының қуанышымен бөлісу үшін перинаталдық орталыққа Сейітжанның әріптестері де келді. Ұлттық киім, шарлар, әндер, үлкен гүл шоқтары көңіл-күйдің көтеріңкі екенін көрсетіп тұрды. Әріптестері Асылбековтар отбасына бақыт, махаббат пен бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу