ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері баспасөз қызметі аталған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың сөзінше, сарбаз әскери бөлімге келгеннен бастап, командирлермен және психологпен әңгімелесу барысында бірнеше рет әскери қызметті атқарғысы келмейтінін байқатқан.
– 2025 жылғы 15 қыркүйекте Ш. қатардағы сарбаз "психикалық бұзылыстар" алдын ала диагнозымен Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге госпитализацияланды. Бұл туралы әскери қызметшінің ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қатардағы сарбаз Ш.-ға қатысты ықтимал заңсыз әрекеттер фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі сарбазды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу үшін Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, олар тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін расталмаған ақпарат пен негізсіз пікірлер таратудан бас тартуға шақырды.