Әскери мамандар Арыс пен Байзақтағы жарылыс салдарын жоюға қайта кіріседі

1134

Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері 28 наурыздан бастап Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарына қайта кіріседі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Әскери мамандар Арыс пен Байзақтағы жарылыс салдарын жоюға қайта кіріседі

Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады.

Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылады. 

Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу