2021 жылы "Жас ұлан" мектебіне еліміздің әр өңірінен қатаң іріктеуден өткен 900-ден астам жасөспірім оқуға түскен.
Бұған дейін Алматыда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы "Жасұлан" республикалық әскери мектебінің 297 тәрбиеленуші ұландары ант берген болатын. Іс-шара дәстүрлі түрде қазақтың даңқты батыры, әскери қолбасшының туған күніне орай өтті.
"Жасұлан" республикалық әскери мектептерінде бозбалалар әскери істің қыр-сырын ұғынып, темірдей тәртіп пен жауапкершілікті үйренеді. Оқыту интернаттық жүйеде ұйымдастырылған. Мектеп түлектерінің көбі Қарулы Күштердегі қызметін жалғастыру үшін әскери оқу орындарына түседі.