Әскери міндеттілер әскери жиынға шақырылады

563

Аталған жиын Гвардейск гарнизонындағы 22326 әскери бөлімінде өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскери міндеттілер әскери жиынға шақырылады Фото: canva.com

Оған 1 500 адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1 036 сарбаз.

Бұл шара ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 65-тармағына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті осы құжатты орындау үшін қорғаныс ведомствосы басшысының биылғы жылғы 28 наурыздағы "2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығын дайындады.

Әскери міндеттілерге ұйымдастырылатын әскери жиындардың негізгі мақсаты – практикалық дағдыларға машықтау және оны жетілдіру, әскери даярлықты талап етілетін деңгейде және әскери міндеттілерді жауынгерлік әзірлікте ұстау болып табылады.

Жоспарға сәйкес әскери міндеттілерді жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу