Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру мерзімі 3 айға созылуы мүмкін

1458

Бірақ нақты мерзімін жергілікті атқарушы билік тағайындайтын болады.

Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру мерзімі 3 айға созылуы мүмкін

Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жария етті. 

Оның сөзінше, заң бойынша арнаулы жиындар 3 айға дейін созылуы мүмкін. Бірақ оның нақты қашанға дейін созылатын жергілікті атқарушы билік өкілдері белгілейтінін айтты.

"Төтенше жағдай туралы заңға сәйкес, мемлекет басшысы 2 сәуірде Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жаорлықтың негізгі мақсаты, басты мазмұны – әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру мүмкіндік және құқық беру. Ал басты мақсаты – халқымыздың денсаулығын қорғау", – деді Ермекбаев. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу