Әскери оқу-жаттығуға шақырылатын 3 мың азаматтың қай бөлімшелерге жіберілетіні айтылды

476

Қорғаныс министрлігі 2024 жылы қайта жауынгерлік даярлықтан өтетін азаматтардың қай бөлімшелерге жіберілетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Әскери оқу-жаттығуға шақырылатын 3 мың азаматтың қай бөлімшелерге жіберілетіні айтылды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Жаттығу 2024 жылдың жазында 30 күн бойы мотоатқыштар, танкі, артиллериялық бөлімшелерде, сондай-ақ жауынгерлік әрі техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінде өтеді", - делінген министрліктің Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Бұл ретте, аталған іс-қимылдар арқылы әскерлердің жекелеген түрлерін күшейту ескерілмеген.

"Біріншіден, біз алдымызға жұмылдыру резервін дайындауды мақсат етіп қойдық", - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.


Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі 3 мың әскери міндетті адамды әскери жиындарға тарту себебін түсіндірді.
Сонымен қатар, ведомство 2024 жылы әскери жиындарда бір адамға жұмсалатын қаражат сомасы жайында түсінік берді.

"Әскери міндеттілерді жауынгерлік дайындықтан өткізуге 3000 адамды шақыру жоспарланған. 2024 жылы осы міндетті өтейтін бір адамға 500 000 теңгеге жуық қаржы қарастырылған", - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу