Әскери парадқа дайындық кезінде әуе кеңістігі 15 күнге жабылады

121

Астананың әуе кеңістігі белгілі бір уақытта шектеледі.  

Әскери парадқа дайындық кезінде әуе кеңістігі 15 күнге жабылады Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалану шектеледі.

Бұл шара әскери парадқа дайындық және оны өткізу аясында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған уақыт аралығында ұшақтардың ұшу және қону кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлап, әуе компаниясы мен әуежайдың ресми ақпарат көздері арқылы рейстердің статусын тексеру ұсынылады.

Қолайсыздықтарды болдырмас үшін жолаушыларға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараттық қызметі мен өз әуе компаниясының байланыс арналарына жүгінуге кеңес беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу