Бүгінгі әскери шеру мазмұндық тұрғыдан екі бөліктен тұрады, яғни тарихи және заманауи бағыттарды қамтиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тарихи бөлігінде Жеңістің 80 жылдығында аға буын батырларымыздың ерлігіне құрмет көрсетіледі. Заманауи бөлігінде Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш айбыны көрсетіледі.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрлерінен 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника мен қару-жарақ, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы жұмылдырылып отыр.
Оның ішінде бұған дейінгі парадтарда болмаған зенитті зымыран кешендері, роботтың көмегімен жүретін су жаңа әскери техниканы тамашалау мүмкіндігі болады.
Парад кезінде алаңға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тобы Мемлекеттік Туды алып келді. Туды Мемлекеттік күзет қызметінің құрмет қарауыл ротасы бөлімшесінің командирі сержант Асхат Мақсатұлы салтанатты ұстап келеді.
Топ бастығы – Мемлекеттік күзет қызметі "Айбын" президенттік полкі құрмет қарауыл ротасының бастығы подполковник Қайрат Молдабаев.