Қазақстан Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы мобильді қосымша мен сайтты іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ведомство тұрғындардан әскердегі құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильді қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірлеген.
"Қазақстандықтар жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқықбұзушылық туралы хабарламаларды тікелей сайтқа жолдай алады. Сондай-ақ онда мобильді қосымша да бар. Тұрғындар қосымшаны Android және IOS құрылғыларына жүктей алады", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу