Әскери полиция органдарында сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды

490

Бұл нормативтік құқықтық құжат Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полиция органдарына әскери қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен өту және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери полиция органдарында сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды Фото: exclusive.kz

Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің "Әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жаңартылған жобасын дайындады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электронды үкімет" порталының "Ашық НҚА" бөлімінде 13 наурызға дейін танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу