Әскери полиция органдарының құзыретіне өзгертулер енгізіледі

936

Мәжілістің жалпы отырысында "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, деп жазады inbusiness.kz. 

Әскери полиция органдарының құзыретіне өзгертулер енгізіледі Фото: dknews.kz

Заң жобасы ҚР Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұланның әскери полиция органдарының мәртебесін, құзыретін, қызметін ұйымдастыру мен тәртібін айқындауға бағытталған. Оның нормалары заңнамалық қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін құруға және қойылған міндеттерді келісіп орындауға мүмкіндік беретін әскери полиция органдары қызметінің заңнамалық негізін біріздендіруді көздейді.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, заң жобасы жаңа редакцияда қабылданып, оған бірқатар редакциялық түзету енгізіледі. Құжатта "қызметкер" ұғымы "әскери қызметші" ұғымымен ауыстырылады.

"Заң жобасында әскери полицияның міндеті, құзыреті, құрылымы, өкілеттігі, өзара іс-қимыл жасауы өзгертіліп, функциясын заңмен бекіту көзделеді. Әскери полиция органының әлеуетті ведомствоға қатыстылығы, бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да мемлекеттік органмен іс-қимыл жасау тәртібі реттеледі. Әскери полиция органының саяси партиядан дербес болу принципі енгізіледі", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Бұдан бөлек баяндамашы жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен де таныстырып өтті.

Аталған құжат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу