Ұлттық әскери патриоттық орталығында қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен әскери полиция органының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Алғашқы әскери полиция бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 22 сәуіріндегі Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес тиімділігін арттыру, қарулы күштерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.
Бүгінгі таңда әскери полиция – соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік тапсырмалары бар өзіндік жеткілікті бөлімше. Қазір әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін әскери полицияның қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, әскери техникаға ілесіп жүру, гарнизондағы патрульдеу жұмысы, оқу-жаттығу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың жолын кесу және ашу, әскери қызметшілерді іздестіру.
Бүгінгі күні қарулы күштерде құқық бұзушылықтың саны жыл сайын төмендеп келеді, қалыпты үрдіс байқалады. Әскери полицияның тиімді қызметінің анағұрлым айқын көрсеткіші – тұрақты оң серпін және қызметтің сапалы жаңа деңгейге көтерілуі. Айрықша көзге түскен әскери қызметшілерге Сәкен Жасұзақов құрмет грамоталарын табыстады.