Әскери полиция "тәртіпсіз" кіші сержантты іздестіріп жатыр

1592

Рұқсатсыз кетіп қалған әскери қызметші өзімен бірге атыс қаруын да алған.

Әскери полиция "тәртіпсіз" кіші сержантты іздестіріп жатыр

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қызметке келісімшарт негізінде алынған кіші сержант кезекшілік кезінде рұқсатсыз кетіп қалған. Кейіннен атыс қаруының да түгел еместігі анықталыпты.

Аталған жай Шымкент қаласына жақын жерде орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінде орын алып отыр. Қазір кіші сержант А.Балғынбай іздеуде.

"Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу