Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәліметінен мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қарулы күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру қағидаларын қайта пысықтады.
Аталған ереже аясында құқық тәртібін қамтамасыз етуге, қылмысқа жол бермеу, сондай-ақ заң бұзу деректерін анықтауға бағытталған әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады.
Сонымен қатар, Әскери полиция бас басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру қағидаларының" жобасын әзірледі.
Қағидалар әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді күзету тәртібін айқындайды.
Мұнымен қоса, Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау және ішкі тәртіп ережелерін қайта қарады.
Қарулы күштер гауптвахталарының қызметі Қазақстан заңнамасының нормаларымен, Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және халықаралық актілермен реттеледі.
Бұдан бөлек, Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының көлік құралдарының қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын қайта қарады.
Осы орайда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен тәртібі айқындалған. Онда жүргізушілердің көлік қозғалысы кезіндегі ережелерді орындауын бақылау алгоритмі белгіленген.
Құжат жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады.