Әскери шенеуніктерге 92 млн теңге жымқырды деген айып тағылды

592

Радиолокациялық ротаның ғимаратына бөлінген қаржы қолды болған.

Әскери шенеуніктерге 92 млн теңге жымқырды деген айып тағылды

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР Қарулы күштерінің әскерді пәтерге орналастыру бас қасқармасының лауазымды тұлғаларына қарсы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Істің мән-жайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров баяндап берді.

"Олар іс жүзінде орындалмаған жұмыстың жалған актісіне қол қою арқылы Жезқазған қаласының жеке радиолокациялық ротасының кешенді ғимараты құрылысына бөлінген 92 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деді агенттік тергеушісі.

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу