Әскери сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты мәлімдеме жасады

1646

Аталған іс бойынша тексеру жүргізілуде. 

Әскери сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты мәлімдеме жасады Фото: видео скриншот

Алматы гарнизонының әскери соты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты істің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомстводан атап өткендей, Нұрасыл Болатқа қатысты сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне жолданды.

"Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша пробация қызметінің хатымен сотталушының мекенжайы үкімдегі тұрғылықты жерімен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған. Осыдан кейін, сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген. ҚР Әскери сотының департаменті аталған іс жүргізудің ұзақтығының себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізуде",- деп атап өтті әскери соттан.

Қазір іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша пробация қызметіне жіберілді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарағаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу