Әскери-тарихи мұражайға Польшада жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгердің тізімі тапсырылды
28 Қараша 2020 15:37 205

Жарты жыл көлемінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізді. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлерінің 56 зираты табылып, орнатылды. Тұлғаларды анықтау және өлімнің мән-жайын анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.
Еліміздегі Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.
«Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің туысы және атасы болып табылады. Жақындарыңыздың Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды», - деп атап өтті музей бастығы подполковник Нұртаза Әсілов.
Тізімді алғаннан кейін мұражай Қызыл Армияның туыстарын іздеу бойынша жұмыс жүргізеді.