Әскери теңізшілер Каспий теңізінің кеме жүретін бөлігіне тереңдетілген зерделеу жүргізуде

1948

Тексеруге "Суе" мүйісінен "Гурьев" бөлігіне дейінгі аумақ кіреді. 

Әскери теңізшілер Каспий теңізінің кеме жүретін бөлігіне тереңдетілген зерделеу жүргізуде

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Әскери теңіз күштерінің  Гидрографикалық қамтамасыз ету қызметінің мамандарымен Каспий теңізінің қазақстандық айлағындағы кеме қатынайтын  солтүстік айдынының 5000-нан астам теңіз милі тексерілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеруге "Суе" мүйісінен "Гурьев" бөлігіне дейінгі аумақ кіреді. Аталған іс-шара теңіз түбінің бедерін анықтау үшін, сондай-ақ кемелердің жүзу қауіпсіздігі мен теңіздің бетіндегі қалқымаларды шығарып тастау үшін, ұсынылған зерттеу курсының бойында кезең-кезеңмен жүргізіледі.

"Біздің теңіз тереңдігін өлшейтін негізгі қаруымыз – эхолот. Ол теңіз түбінің кез-келген кедергісін  3 D-суретімен компьютерде ұлғайтып көрсетіп береді және Каспий су айдынында шұғыл және тиімді өлшем жүргізуге мүмкіндік береді. Егер біз кедергінің анықтай алмасақ онда су астына сүңгуірлер түседі де, фото-бейне құрылғылардағы күмәнді объектіні қарап, белгілейді, сондай кейін ол қазіргі сандық және классикалық қағазға, яғни айдынның картасына енгізіледі", - деді гидрографикалық партия командирі аға лейтенант Р. Жанұзақов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу