Әскери ұшқыштар дағдарыс аймақтарына 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді

452

Құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Әскери ұшқыштар дағдарыс аймақтарына 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуді жалғастыруда.

30 наурызда әскери ұшқыштар 38 мәрте ұшу жасады.

Жалпы ұшу 15 сағаттан астам уақытты құрады. Осы аралықта 222 адам эвакуацияланды.

Табиғи апат аудандарына салмағы мың келі апаттан құтқару мүлкі мен төтенше жағдайлар қызметінің 19 маманы жеткізілді.

Эвакуациялық пункттерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізіліп, түсірілді.

Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы тәулік бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта құтқару шараларына 7 тікұшақ жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу