Әскери ұшқыштар Қоғалы ауылынан 68 адамды эвакуациялады

361

Қарулы күштердің тікұшағы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қоғалы ауылынан 68 адамды көшірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскери ұшқыштар Қоғалы ауылынан 68 адамды эвакуациялады Фото: бейнеден

Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты ұшқыштарының экипажы ауылдың 68 тұрғынын Қобда ауданының орталығына көшірді. 

Қобда мектебіне 29 ересек адам мен 37 бала орналастырылды, оның екеуі — нәресте.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Қобда, Ойыл, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған еді.

Үйінен көшірілген адамдар қазір мектептерді паналап отыр. Ол мектептер ертеңнен бастап сабақты онлайн өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу