Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуларды орындауда, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің бірінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша күндіз және түнде күрделі метеорологиялық және ауа райы жағдайларында оқу-жаттықтыру ұшулары өткізілуде.
Бұндай күрделі метеорологиялық жағдайларда күндіз және түнде приборлар бойынша ұшуларды меңгеру майдандық авиация ұшу құрамы жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ұшу құрамының теориялық сұрақтарды терең зерделеу, ұшақ кабинасында және жаттығу аппаратурасында жаттығуларды сапалы өткізу, приборлар бойынша ұшуларды әдістемелік тұрғыдан дұрыс оқыту, сондай-ақ шынайы күрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік ұшақтағы жүйле жаттығулар болған кезде ғана осы тапсырманы сәтті орындау мүмкін болады.