Әскери ұшқыштар жұмыстан кетуде

1059

Әскери ұшқыштар жұмыстан кетуде

Қазақстанда әскери ұшқыштардың саладан кетуіне жол бермеу үшін, олардың жалақысын екі есе ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Бүгінде бізде ұшқыштар құрамнан кетіп жатыр. Өткен жылы 25 адам кетіп қалды. Еңбекақы сомасы 1,5 млн теңге болатын Air Astana-ға, SCAT-қа ауысуда. Біздің бірінші санаттағы ұшқыштар 270 мың теңге алып келеді", - деді қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери білім беруді дамыту тақырыбында өткен мәжілістегі "үкімет сағатында".
Оның айтуынша елбасы дәл осы ұшқыштар құрамының жалақысын көтеруді үкіметке тапсырыпты.
"Ең болмаса ол (әсери ұшқыш – ИФ-К) 450-500 мың алу керек", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу