Әскери жағдайға қарамастан Украинада сайлау өткізуге болады - Стэфанчук

337

Украина саяси орталарында елдегі әскери жағдай сайлау өткізуге кедергі емес деген ойлар айтыла бастады.

Әскери жағдайға қарамастан Украинада сайлау өткізуге болады - Стэфанчук Фото: Новини live

Украинаның "Резидент" Telegram арнасы хабарлағандай, мұндай жаңашылдықтың басында Жоғарғы Раданың спикері Руслан Стефанчук тұр, деп жазады Inbusiness.kz.

Ол Конституция Украинада сайлау өткізуге тыйым салмайды деп мәлімдейді. Сондай-ақ, Стефанчук "демократияның тоқырауына" жол бермеу үшін соғыс кезінде сайлау өткізу мәселесін талқылау керек деп мәлімдеді.

Оның позицияның күрт өзгеруі тіпті саяси дүрбелеңге үйреніп қалған украин парламентшілерді таңқалдырды. Өйткені, Стефанчук бір ай бұрын ғана мүлдем басқа ой айтқан болатын. 

Ол әскери жағдайда сайлау өткізуге болмайтынын жарыса айтып, сайлау елді "бұзуы" мүмкін деп мәлімдеді және соғыс кезінде заң бойынша сайлау өткізуге тыйым салынғанын еске салды.

"Украина заңнамасы соғыс жағдайында кез-келген сайлауды өткізу мүмкін емес деп санайды. Және бұл қисынды. Өйткені Біз Украинадан тыс 7 миллионға жуық адамға дауыс беруді қалай ұйымдастыруды білмейміз"- деді ол кезде Стефанчук.

Енді кенеттен спикер керісінше дүниелер айта бастады. Әскери жағдайдағы сайлау мүлдем қауіпті емес, тіпті өте пайдалы, әйтпесе "демократияның тоқырауы" болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу