"Ең алдымен, әскери оқу орындарында оқу тегін және барлық жабдықтармен қамтамасыз етіледі: азық-түлік, киім-кешек, ақша, демалыс уақытында жылына екі рет жол жүру, жеке гигиена құралдары беріледі. Сонымен қатар бұл – жоғары азаматтық және әскери білім алу мүмкіндігі. Ең бастысы – оқуды аяқтағаннан кейін түлектердің жүз пайызы жұмысқа орналасады. Біз оларды жан-жаққа жібереміз және бастапқы офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруді жалғастыруға кепілдік беріледі", - деді спикер.
Жұмабек Ахметовтың айтуынша, кейін олардың әртүрлі бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігі бар.