Әскерилер өздерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеп шықты

836

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері жылжымалы автомобильдерді жөндеу бойынша мамандарға арналған барлық нормативтерді үздік орындады.  

Әскерилер өздерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеп шықты

Техникалық қолдау – әскерлерді жан-жақты қолдау түрлерінің бір бөлігі болып табылады. "Батыс" өңірлік қолбасшылығында бұл бағытқа ерекше назар қойылған. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің әскери қызметкерлері нормативтерді тапсыру барысында өздерінің біліктіліктерін үнемі жетілдіріп, кәсіби шеберліктерін арттырып отырады.

Кезекті сынақ барысында әскери қызметшілер кран жебені орнату және жинау бойынша, техникалық қызмет көрсету посттарын өрістету және ширату, газбен дәнекерлеу нормативтерін сәтті орындады.

"Біздің бөлімшенің негізгі бөлігін әскери техниканы дайындау мен жөндеуде үлкен тәжірибесі бар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер құрайды. Әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығы өте қарқынды болуына байланысты, техникалық қамтамасыз ету мамандарына қару-жарақ пен әскери техниканы оңдауда ұдайы шыңдалып отыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі көрсеткіштер соның айқын дәлелі", – дейді материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі капитан Самғат Ахмет.

Техникалық қамтамасыз етудің негізгі іс-шараларына жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы ұдайы дайындық деңгейінде сақтап тұруға және істен шыққан қару-жарақ пен техниканы қалпына келтіру жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу