Әскерилер 14 елдегі университетте оқып жатыр – Қорғаныс министрлігі

1504

Қазақстандық әскери қызметкерлер шетелдегі 14 жоғары оқу орнында оқып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әскерилер 14 елдегі университетте оқып жатыр – Қорғаныс министрлігі

Оның айтуынша, бүгінде еліміздің қарулы күштерінің сұранысына сәйкес шет елдердегі жоғары оқу орындарында әскери кадрларды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. 

"Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресей, Беларусь, Армения, Түркия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германиядағы университеттерде оқып жатыр. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің қарамағында 9 әскери оқу орны бар",– деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Тимур Дәндібаев Ұлттық қорғаныс университетінде 10 факультет, 27 кафедра жұмыс істейтінін атап өтті.

"Онда 500 әскери магистрант пен докторант оқып жатыр. Оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің 24 әскери қызметкері бар. Олар Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядан. Әскери жоғары білім беру 3 негізгі әскери институтта жүргізіледі", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу