Әскерилер 29 қалада дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді

628

Жақын арада жалпы ауданы 224 060 м2 шамамен 80 әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеу жоспарлануда. 

Әскерилер 29 қалада дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді

Төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 млн шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Елдегі төтенше жағдай режимі алынғанына қарамастан, вирустың таралу қаупі өте жоғары болып отыр. Сондықтан әскерилер дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында шұғыл түрде 16-ға жуық санитарлық өңдеу тобы құрылған. 25 мамырынан бастап әскерде арнайы өңдеу құрама жасақтарының бөлімдеріне инфекциямен күрестің екінші кезеңі басталғаны туралы жарияланған. 

Жергілікті атқарушы органдардан өңдеуге түскен өтінімдер бойынша жақын арада жалпы ауданы 224 060 м2 шамамен 80 әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеу жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу