Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандық жеті боксшы жартылай финалға шықты

897

Әлем чемпионатының финалистері 23-24 қыркүйек күндері анықталады. Ал финалдық жекпе-жектер 25 қыркүйекке жоспарланған.   

Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандық жеті боксшы жартылай финалға шықты

Бұл күндері Мәскеуде әскерилер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жеті қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жартылай финалдағы қарсыластары келесідей:

49 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Володя Мнацаканян (Ресей)

52 келі. Дамир Абдикадир (Қазақстан) - Шон Иман Мари (Ирландия)

56 келі. Рүстем Шауменов (Қазақстан) - Овик Оганесян (Ресей)

64 келі. Айтжан Әшірхан (Қазақстан) - Муджибилло Турсунов (Өзбекстан)

75 келі. Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Морено Фендеро (Франция)

91 келі. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Сохеба Буафия (Франция)

69 келі. Жасмин Кизатова (Қазақстан) - Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу