Әскерилер балалар күніне орай мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті

927

Тәттілермен қоса, азық-түлікке толы  балаларға арналған базарлық қорабы тек кішкентайларды ғана емес,  ата-аналарын да қуантып тастады.   

Әскерилер балалар күніне орай мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті

Халықаралық балаларды  қорғау  күні ҚР Ішкі істер министрлігінің  Шығыс  өңірлік әскери-тергеу басқармасы офицерлері әскери қызметкерлердің балаларын арнайы құттықтап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.

"Олардың ішінде әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты аналар және тұрмысы төмен отбасылар бар. Яғни, біз  шынымен қоғамнан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға баса назар аударып,  ондағы  тәрбиеленіп жатқан балаларды мерекелерімен арнайы  құттықтап, көмек қолын созуды жөн көрдік. Неге десеңіз, балалар біздің ертеңгі  болашағымыз", - дейді Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Әскери-тергеу басқармасының  офицерлері  Семей гарнизонына қарасты әскери  бөлімдерде қызмет етіп жүрген  10 әскери қызметкердің отбасына  көмек көрсетті.

Тәттілермен қоса, азық-түлікке толы  балаларға арналған базарлық қорабы тек кішкентайларды ғана емес,  ата-аналарын да қуантып тастады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу